Бүгін – Көрісу күні.
Бүгін – Көрісу күні. 14 наурызда мектебімізде Наурыз мейрамының басы Көрісу мерекесі аталып өтіп жатыр. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.