Мектеп директорларының форумы » Қарғалы орта мектебі
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Мұхамеджан Тынышбаев
атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-96-8
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-96-8
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп директорларының форумы
13
январь
2024

Мектеп директорларының форумы

Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың қатысуымен Алматы қаласы, Алматы, Жетісу облыстары мемлекеттік мектеп директорларының форумы өткізілді. 
✅Форум шеңберінде еліміздегі білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Мектеп басшыларына қойылатын талаптарға тоқталып, сапалы менджмент қағидаттарын ұстануды алға қойды. Форумда бірқатар маңызды бағыттар белгіленді. Бүгінгі таңда  балалардың қауіпсіздігі мектепте, жалпы қоғамда сақталуына бағытталған нормативтік-құқықтық құжаттар талаптарының орындалуын күшейтуге қатаң назар аударылды. Білім беру саласындағы бақылаудың сыртқы және ішкі тетіктері талқыланды. 
✅Халықаралық PISA-2022 кезеңінің ерекшеліктері және қажеттілігі салыстырмалы диагностика формасында ұсынылды. Талдау арқылы еліміздегі білім берудегі оңтайлы нәтижелері хабарланып, жан-жақты талданды. Орта білімнің МЖМББС талаптарына  Абайдың «Толық адам» концепциясын енгізу арқылы «Сегіз қырлы бір сырлы» түлек моделін қалыптастыру бойынша толықтырулар әзірленуде. Білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру, тілдік дағдыларды дамыту мақсатында  диктант, мазмұндама түріндегі жазбаша жұмыстардыжүргізуге мән беру қажеттігі айтылды. Жаһандану жағдайында жасанды интеллект қолдануға дайындық ретінде елімізде бастау алған «Цифрлық ұстаз» жобасы бойынша әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушылардың оқу үлгеріміндегі олқылықтарды толтыру жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі де көтерілді. 
✅Форум барысында мектеп директорларының негізгі қызметі бойынша түрлі сұрақтар талқыланып, жұмыс бағыттары көрсетілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив