РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Рухани жаңғыру мектепте
«Сарқан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұхамеджан Тынышбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 4-8 қыркүйек аралығында 9-11 сынып оқушыларымен «Рухани жаңғыру», «Туған жер» тақырыптарында шығарма байқауы өткізілді. Шығарма байқауына барлығы 33 оқушы қатысты. Байқаудың нәтижесіндежүлделі 3 –орынды 11«Б» Михайлова Инна, 2-орынды 10 «Б» сынып оқушысы Нуржанова Жулдыз , ал 10 «Б» сынып оқушысы Чулымбекова Каринаның шығармасы үздік боп табылып 1-орын иеленді.
Қазан айының 5-і күні мектебімізге «Рухани жаңғыру» бағдарламсыаясында өзі дайындаған бағдарламасын насихаттап жүрген Мәмбетов Ерғали Хамитұлымен кездесу өтті. Оның әдеби-музыкалық презентациясы оқушылар мен мұғалімдерге ой салды.Сонымен қатар қатысқан оқушылар және мұғалімдер ол кісімен бірге өлеңдер оқып,шығармашылықтарымен бөлісті.